Қызылордада республикалық шахмат фестивалі басталды

723

Бүгін Сыр елінде балалар арасында шахмат фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Балалар жылына орай өткізілген интеллектуалды додаға ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова, облыс әкімінің орынбасары Балжан Шаменова, облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, "KazPetrol Group" ЖШС бас директоры Ержан Какимұлы мен Сыр елінің мақтанышы, шахматтан Әлем және Азия чемпионы Әсел Серікбай қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қызылордада республикалық шахмат фестивалі басталды

Фестивалдің ашылу салтанатында Шолпан Танатқызы ойынның алғашқы жүрісін бастап, сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі.

"Бүгінде қосымша білім берумен қамту бойынша белсенді жұмыс жасаудамыз. Елімізде балалардың спортпен, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік мол. Қазіргі таңда Қызылорда облысында 176 771 оқушы болса, оның 139 536-сы мектеп жанындағы қосымша біліммен қамтылып жатыр. Басқармамен бірлескен жұмыс аясында бұл көрсеткіштер алдағы уақытта да ұлғаятын болады. Айта кетейін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы жылды "Балалар жылы" деп жариялады. Сондықтан барлық игілігіміз балаларға арналады. Осы ретте бүлдіршіндер үшін бүгінгідей үлкен фестивальді өткізуге қолдау білдірген демеушілерге, жанашыр азаматтарға, спорт функционерлеріне, ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Жеңістеріміз көп болсын!", - деді ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі.

Фестивальге еліміздің 12 өңірі мен облысымыздың аудандарынан барлығы 300-ге жуық шахматшы қатысып, өз өнерлерін ортаға салуда.

Мектеп жасындағы балалар арасында шахмат ойынының таралуына, балалардың интеллектуалды дамуына ықпал жасап, шахматшылардың шеберліктерін дамытуды мақсат еткен сайыс 6 күнге жалғасатын болады.

Айта кетейік, 6-12 жас аралығындағы балалар жас ерекшкліктеріне қарай "Ең жас шахматшы" атағы үшін бақ сынасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу