Қызылордада салмағы 6 келіден асатын алып бала дүниеге келді

Туған кезде сәбидің жағдайы ауыр болған. 

Қызылордада салмағы 6 келіден асатын алып бала дүниеге келді Фото: Көпбейінді облыстық аурухана

Алып балаға атасы Қуанышбек деп есім берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, Көпбейінді облыстық ауруханада Қармақшы ауданының тұрғыны салмағы 6 келі 500 грамм болатын нәрестені дүниеге әкелді. 

Акушерлік бөлім меңгерушісі Арман Ержанова мен акушер-гинеколог Фатима Қосназарова жоспарлы ота жасады. Мамандар нәрестенің денсаулығын тұрақтандыру үшін Жаңа туған нәрестелердің реанимация және патология бөлімшесінде қосымша ем қабылдағанын айтты. 
Қазір нәресте мен анасының денсаулығы тұрақты. Сәби ана сүтімен тамақтанып жатыр. Жақын күндері "алып бала" атанған Куанышбек Базарбаев үйіне шығарылатын болады. 

Айта кетейік, Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханада өткен жылдың наурыз айында 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды. Бұған дейін Қызылордада босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге көмек көрсететін жалғыз медициналық ұйым – облыстық перинаталдық орталық ғана болған. Аталған бөлім перинаталдық орталықтың жүктемесін азайтты. Акушерлік бөлім сырбойылық түрлі сырқаты бар жүкті әйелге көмек көрсетуде. Аурухананың акушерлік бөлімінде ашылғалы бері 3043 нәресте дүниеге келген. Олардың 1328-і Жаңа туған нәрестелердің реанимация және патология бөлімшесінде қосымша ем алған. Ал жыл басынан бері 1343 нәресте дүниеге есігін ашты.

Кеше Қызылордада 23 жастағы келіншектің үшемді дүниеге әкелгенін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу