Қызылордада салынатын күн электр станциясының макеті ел назарына ұсынылды

923

Қызылордада салынатын күн электр станциясының макеті ел назарына ұсынылды

Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде бельгиялық кәсіпкерлер бастамасымен Қызылордада салынатын күн электр станциясының шағын макеті ел назарына ұсынылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Халықаралық көрмедегі Бельгия жаңалығы – CMI Group жобасы. Жобаның төрт бағытының бірі энергетика. Болашақта Қызылордадан салынатын күн электр станциясының жобасы осы тараптағы бастаманың бірі", — дейді ЭКСПО-2017-дегі Бельгия секциясының комиссары Андрей Кашечкин.

Бельгиялықтардың еріген тұзды қолдану арқылы энергия өндіретін жобасы арқасында электростанция тәулік бойы жұмыс істей алады. Станция қуаттылығы 150 мегаватт. Бүгінде бұл жобаны жан-жақты талқылайтын жұмыс тобы құрылуда.  

"Туған жерімде осындай станцияның салынатыны мен үшін үлкен қуаныш", — деді Кашечкин.

Оның сөзінше жобаны жүзеге асыруға жарты жыл ғана уақыт кетеді. Жеті жылда өзін-өзі ақтайды.

Халықаралық көрмеде өткен Бельгия презентациясында осы елдің Қазақстандағы елшісі Мишель Петерманс та қатысты.

"Бельгия көрмеге ресми түрде қатыспаса да мен мұндағы жаңалықты тұрақты бақылап тұрамын. Жаңа жоба екі ел арасындағы бұрыннан бар байланысты бекіте түседі деп ойлаймын", — деді елші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу