Қызылордада сауда үйінен құндыз тон ұрлаған жүкті әйел ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратта көрсетілгендей, 5 желтоқсан күні "102" арнасына қаладағы сауда үйінің бірінен құндыз тонның ұрлағандығы туралы хабарлама келіп түседі. Тәртіп сақшылары 28 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Күдікті әйелдің бұрын істі болғаны белгілі болды.
Бүгінгі таңда тон иесіне қайтарылды.
Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу