Қызылордада синтетикалық есірткі жарнамалаған 1500 интернет-сайт бұғатталды

161

Қызылорда облыстық полиция департаментінің қызметкерлері өткен жылы есірткінің заңсыз айналымына қарсы жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 304 құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылордада синтетикалық есірткі жарнамалаған 1500 интернет-сайт бұғатталды Фото: СҚО ПД

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, заңсыз айналымнан 1 тонна 883 килограмм есірткі заты тәркіленді. 

– Оның ішінде 220 килограмм марихуана, 687 грамм гашиш, 1 тонна 650 килограмм сора өсімдігі, 9 килограмм көкнәр өсімдігі және 2 килограмм 666 грамм синтетикалық есірткі заты бар. Сонымен қатар үй жағдайында сора өсімдігін заңсыз өсірген 5 фитозертхана анықталды. Аса ірі мөлшерде мефедрон және a-PVP синтетикалық есірткі затын тасымалдағаны үшін күдікті ретінде Қызылорда, Маңғыстау облыстарының тұрғындары ұсталды, – делінген хабарламада. 

Есірткіні заңсыз жарнамалау бойынша екінші деңгейлі банктердің 1100 есепшоты "Антифрод" жүйесі арқылы бұғатталды. Синтетикалық есірткіні жарнамалаған 1500 интернет-сайт "Киберқадағалау" ақпараттық жүйесіне енгізіліп, бұғатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу