Қызылордада сиырды жеңіл көлікке салып, ұрлап бара жатқандар ұсталды

120

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді. 

Қызылордада сиырды жеңіл көлікке салып, ұрлап бара жатқандар ұсталды Фото: Қызылорда облысы ПД

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ақтан батыр ауылының тұсында сиырды жеңіл автокөлікке салып алып, ұрлап бара жатқандар ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Күшейтілген түрде кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлері "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Ақтан батыр ауылына жақын жерде өтіп бара жатқан "Volkswagen" маркалы көлікті тоқтатты. Артқы есігін ашып қараса, төрт тұяғын бүгіп сиырды жайғастырыпты. Сөйтсе, екі адам сиырды Қазалы ауданындағы көрші ауылдан ұрлап, сатуға апара жатқан",  делінген ведомство таратқан хабарламада.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлігі айып алаңына қойылды.

Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осы тектес деректерге қатыстылығы тексерілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу