Қызылордада сотталған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

216

Жәрмеңке барысында 16 адамға жұмысқа орналасуға жолдама берілді.  

Қызылордада сотталған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті Фото: Amanat Қызылорда Fake book

Қызылорда облысында пробациялық бақылауда тұрған азаматтарға арналған "Enbek Hub-Qyzylorda" бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шара облыс прокуратурасының үйлестіруімен жергілікті әкімдік пен уәкілетті органдардың қолдауымен өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарынан жұмыс берушілер қатысты. Қаланың ірі кәсіпорындары мен ұйымдары бос жұмыс орындарын ұсынып, еңбекке орналасу шарттарын таныстырды.

Іс-шараның мақсаты – сотталған азаматтарды жұмыспен қамтуға көмектесу, оларды қоғамға бейімдеу және қайта құқық бұзушылықтардың алдын алу. Қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, мамандардан кеңес алды.

Жәрмеңке нәтижесінде 16 азаматқа жұмысқа орналасу үшін жолдама берілді. Ал жыл басынан бері пробация есебіндегі 123 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Мамандардың мәліметінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде биылғы төрт айда сотталғандар арасындағы қайта қылмыс деңгейі 20 пайызға төмендеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу