Қызылордада университет жатақханасынан студент құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде оқиғаның 14 мамыр күні болғаны айтылған.
"Бүгін шамамен таңғы сағат 09:00 кезінде студент қыз биіктіктен құлап кетті. Көп ұзамай ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде жағдайы тұрақты. Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр", – делінген хабарламада.
Оқиғаның барлық мән-жайы тексеруден кейін анықталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу