Қызылордада Сырдария өзенінің сол жағалауын дамыту жоспары жасалды

1602

Қызылордада Сырдария өзенінің сол жағалауын дамыту жоспары жасалды

Сырдың сол жағалауын игеру бас шаһардың көркіне көрік қосары анық.  Қызылорда ендігі жерде жаңа жоспар аясында дамып, ірі өзеннің жайлы микро­климатын, табиғи әсем көрінісі мен тартымдылығын тиімді пайдалан­бақшы. 

Яғни, қолданыстағы бас жоспар бойынша мұнан былай өзен  қаланың сәулетіне сән беретін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

Ал сол жағалаудағы аумақ 15 ауданнан құралады. Оның 11-і тұрғын аудан. Бұған қоса, 1 индустриалдық аймақ, 3 ірі парк салы­нады. Бульварлар салу да қа­ралған. Бес тұрғын ауданның құры­лысына орта қабатты үйлер салу жоспарланып отыр. Әр­бір шағынауданның ішінде мек­тептер мен балабақшалар бой көте­реді. Тұрғындар санының қазіргі динамикалық өсуі есепке алынған. Заманауи талаптарға сай ірге көтеретін жаңа қоныста 154 мыңнан астам халық тұрады деп болжануда. Жалпы, тұрғын үй құрылысы 3 млн шаршы метрді құрайды. Бұған қоса, онда 46 балабақша мен 23 мектеп болады. Мұнымен бірге 2 көпсалалы аурухана, қарттарға арналған пансионат, ин­тер­нат емханалар, күндізгі ста­цио­нарлар мен дәріханалар салу да қа­растырылған. Үлкен ән аренасы, 4 этнографиялық музей кешені, Қорқыт ата интерактивті музейі, балалар шығармашылығы сарайы, саз мектебі мен цирк, драма театры, "Құстар әлемі" оранжереясы мен Медиа орталығы жаңа қонысқа өзіндік ажар қосатын болады. Сонымен қатар 15 мың көрерменге арналған спорт кешені, жеңіл атлеттерге арналған манеж, спорт академиясы мен жүзу бассейні салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу