Қызылордада 665 келі құс еті жойылды

887

11 айда азық-түлік және азық-түлік емес өнімдер бойынша 1851 сынама алынған.

Қызылордада 665 келі құс еті жойылды

Қызылорда облысында техникалық регламенттер талабына сай келмеген 665,90 келі құс еті сатылымнан алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары биылғы жылдың 11 айында азық-түлік және азық-түлік емес өнімдері бойынша 1851 сынаманы сараптамаға алған болатын. Олардың 73,6 пайызын тағам өнімдері құрайды. Оның ішінде отандық өнімдер 25,7, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өндірілген өнімдер 64,7, өзге елдерде өндірілгендері 9,5 пайызды шамалайды.

Сараптама нәтижесі бойынша 111 сынамадан сәйкессіздік анықталды. Атап айтқанда, сәйкессіздіктердің 24-і микробиологиялық, 13-і физикалық-химиялық, 2-і қауіпсіздік, 77-і таңбалану бойынша тіркелді.

"Ал тамақ өнімдеріне қатысты 98 сәйкессіздік анықталды. Оның басым бөлігі құс еті, ет өнімдері мен алкогольсіз сусындар, кондитерлік өнімдердің үлесіне тиеді. Кеден Одағы техникалық регламенттер талаптарына сай келмеген өнімдер бойынша 32 сауда нысанына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзуды жою жөніндегі нұсқамалар берілді. Бұдан бөлек, сәйкессіздіктер анықталған 665,90 келі құс еті өнімдері сатылымнан алынып тасталды", - деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Ведомство өкілдері Ресейде өндірілген құрамында патогенді микроорганизмдер табылған балапан-бройлердің жіліншігі мен төс еті жартылай фабрикаттары сауда сөрелерінен алынып, олар толығымен жойылғаны жөнінде де хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу