Қызылордада тас жолды қарғын су басты

Су техникалық жолдың 5 жеріне зақым келтірген.  

Қызылордада тас жолды қарғын су басты Фото: Арал ауданының әкімдігі

Жақын-жуықтағы елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

Қызылорда облысындағы Ақеспе елді мекенінен 25 шақырым жерде "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының 413, 436, 458,4, 466 және 481 шақырым учаскелерінде техникалық жолдың тас жол төсемінің бойында еріген қар суының басуы анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Магистральдық газ құбыры бойынша барлық объектілер байланыста және штаттық режимде жұмыс істеуде. Газды тасымалдау штаттық режимде және толық көлемде жүргізілуде. Айналма жол бар. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ", - деп хабарлады жауаптылар.

Жергілікті басшылар "Құмсай" бөгетінің жағдайымен де танысқан. "Құмсай" – кенттен 2 шақырым қашықтықта орналасқан су қоймасы.

Қазіргі таңда жауын-шашынның және еріген қар суының мол жиналуынан бөгеттің бір бөлігін су шайып, Тербенбес қырқасының жанындағы сайға су ағуда. Кенттегі автожолдар мен халық шаруашылығы нысандарын су басу қаупі жоқ.

Сондай-ақ, "Бозой-Шымкент" газ құбырына қызмет көрсететін техникалық жолды су шаюы салдарынан Ақеспе елді мекені халқының жол қатынасына қиындық тудырған. Табиғи құбылыс салдарынан уақытша болған жағдай ауыл тұрғындарына түсіндіріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу