Қызылордада теміржолды кесіп өтпек болған адамды пойыз басып кетті

1116

26 жастағы тұрғын оқиға орнында көз жұмды.

Қызылордада теміржолды кесіп өтпек болған адамды пойыз басып кетті

Қызылордада жолаушылар пойызы басып кеткен 26 жастағы тұрғын оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Теміржолды кесіп өтпек болған тұрғынды "Қызылорда-Петропавл" жолаушылар пойызы басып кетті. Аталмыш оқиға 23 қаңтарда болған. Ол қаланың КБИ шағынауданы тұрғыны екені белгілі болды.

"Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындарға теміржолдың белгіленген аймағынан өту жөнінде құлағдар етіп келеді. Дегенмен оқыс оқиға тіркелді. Жолаушылар пойызы қаққан азамат оқиға орнында көз жұмды. Қала тұрғындарынан теміржолдан тек белгіленген жерлерден өтуін сұраймыз", - дейді Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ербол Әбдіраманов.

Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу