Қызылордада тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилерге ескерткіш орнатылды

1094

Оқиға орын алған Жалағаш ауданында орнатылған ескерткіш бүгін салтанатты түрде ашылды.

Қызылордада тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилерге ескерткіш орнатылды

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағында болған әскери қызметшілердің құрметіне ескерткіш орнатылды.

Ескерткіштің ашылу рәсіміне қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов, Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Кәрбенов, Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов, қаза болған әскери қызметшілердің туған-туысқандары, Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдері мен жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы қатысты.

"Бүгін оқиға орнында біз оқу жауынгерлік тапсырмаларды орындай отырып, бейбіт уақытта мезгілсіз өмірден озған Отанымыздың ұлдарына ескерткіш орнатудамыз. Жігіттеріміз өздерінің "соңғы ұрыстарын" қабылдады және әскери ант пен жауынгерлік бауырластыққа адалдықтарын дәлелдеді. Мыңдаған ұлдарымыз бен патриоттарымыз Қарулы Күштерде қызмет етуде. Олар әскери ант пен әскери борышқа адал", – деді министр Нұрлан Ермекбаев.

Салтанатты рәсім барысында ескерткішке гүл шоқтары қойылып, қаза болған әскери қызметшілерге үнсіздікпен құрмет көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу