Қызылордада тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтеді

998

Қызылордада тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтеді

2-6 наурыз аралығында Оқушылар сарайында тоғызқұмалақтан  ХІ  халықаралық турнир өтеді. 
Турнирге Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей,Түркіменстан, Түркия, Тәжікстан және Қазақстаннан 200-ден аса тоғызқұмалақшылар шеберлік байқасады. Биылғы жарысқа Қытай және Ауғанстанның ойыншылары тұңғыш рет қатысатын болады. Жарыс 9 тур бойынша жас ерекшелігіне сәйкес 4 топта өткізіледі. 
Ұымдастырушылардың айтуынша, ойынның мақсаты – ұлттық спорт түрін халық арасында кеңінен насихаттау, оқушылардың спорттық шеберлігі мен зияткерлік қабілетін қалыптастыру. 
Атап өтейік, зияткерлік сайыста еліміздің құрама команда сапында Әлем чемпиондары, ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері Хәкімжан Елеусінов, Әсел Дәлиева, Әлем чемпиондары Ғалымжан Темірбаев, Нұрбек Кабиев, Диана Кенина, Лина Каримова өнер көрсетсе,  Қырғызстаннан Азия чемпионы, Әлем чемпионатының жүлдегері Анарбек Жамакеев қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу