Қызылордада тоқпен жүретін экотаксилер жұмысын бастады

Экотаксилер 1,5 сағатта 100 пайыз қуатталады.

Қызылордада тоқпен жүретін экотаксилер жұмысын бастады Фото: Аслан Сағындық

Ал, толық қуаты бар такси 400 шақырымды оңай бағындырмақ. Осы күні қаланың 4 жеріне қуаттайтын құрылғы орнатылған, алдағы уақытта оның саны көбеюі де мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

100 экотаксиді 200 көлік жүргізушісі алмасып жұмысқа кірісетін болады. Олар 2 күн жұмыс істеп, екі күн демалады.

– Бүгін қаламызда экотаксилер өз жұмысын бастады. Әрине, мұның бәрі такси бағасының қолжетімді болуы үшін жасалып жатқан жұмыс деп білемін. Қаламыздағы осындай ерекше жаңалыққа қуаныштымыз. Ең бастысы, халық игілігіне жарасын, – дейді қала тұрғыны.

Еске салайық, "Қызылорда" автобус паркі ЖШС тапсырысы бойынша Қызылорда мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы 100 дана автокөлікке ашық конкурс жарияланған болатын.

Шаһардағы экотаксилерді қуаттау көзі орналасқан жерлер де белгілі. Жаңа әуежайда, Д.Қонаев көшесінде (Қорқыт ата ескерткіші маңы), Сол жағалауда және ХҚКО автотұрағында қуаттайтын жер бар.

Осы күні көлік жүргізуішілері жасақталып жатыр. Экотакси қызметіне жүгінетін тұрғындар "Яндекс" және "Жұлдыз" қосымшалары арқылы шақыра алады. Бүгінгі күні 52 көлік жұмысына кіріссе, 48-і жақында қызметін бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу