Қызылордада төлемді артық алып келген электр компаниясы тарифті төмендетті

1132

Компанияның электр энергиясын беру қызметі бойынша негізсіз 82 709 745 теңге алғаны анықталып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қызылордада төлемді артық алып келген электр компаниясы тарифті төмендетті

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті "Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы" АҚ-ның жұмысын тексерген. 2020 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында бекітілген тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығы анықталған.

"Қайта қаржыландыру ставкасын қоса есептегенде компанияның электр энергиясын беру қызметі бойынша негізсіз алынған табысының сомасы 82 709 745 теңге болды. 2021 жылдың 1 тамызынан 2021 жылдың 31 желтоқсаны аралығына 4,893 теңге мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифпен - 4,976 теңге салыстырғанда 1,7 пайызға және 2022 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 31 шілдесі аралығына 4,810 теңге мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифпен - 4,893 теңге салыстырғанда 1,7 пайызға төмендетіліп уақытша өтемдік тарифтер бекітілді", - деп хабарлайды департаменттен.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу