Қызылордада тұңғыш рет 1 күнде 3 бүйрек трансплантациясы жасалды

291

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы орташа ауыр, тиісті ем қабылдап жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қызылордада тұңғыш рет 1 күнде 3 бүйрек трансплантациясы жасалды Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханада 3 науқасқа бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды.

Алғашқы трансплантация 41 жастағы әйел адамға жасалды. Реципиенттің ағасы донор болып, бүйрегін берді.

Екінші трансплантация 20 жастағы жігітке жасалды. Бұл жағдайда донор ретінде науқастың 54 жастағы анасы қатысты.

Ал үшінші ота 43 жастағы әйел адамға жасалды. Науқастың жұбайы донор болып, бүйрегін берді.

"Трансплантацияны Қызылорда облыстық көпбейінді облыстық ауруханасының дәрігерлері бірлесіп жасады. Ота сәтті өтті. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы орташа ауыр, тиісті ем қабылдап жатыр", – деп жазды Денсаулық сақтау министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу