Қызылордада тұрғын үй құрылысына 6600 жер учаскесі беріледі

765

Қызылордада тұрғын үй құрылысына 6600 жер учаскесі беріледі

Облыс орталығындағы "Қызылорда-Жезқазған" трассасының бойынан азаматтарға 6600-ге жуық жер беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өткен жылы қызылордалықтарға 3690 жер учаскесі берілді. Бұл көрсеткіш 2014-2015 жылдармен салыстырғанда 3 есеге артып отыр. Мұны өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жер қатынасы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.

Жер заңнамасына сәйкес, бас жоспарда бос аумақ болса және ол инфрақұрылыммен қамтамасыз етілсе, жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесі беріледі. Бұл ретте кезек пен бөлінетін алаңның дайындығы ескеріледі.

"Елбасы халыққа жолдауында барлық әкімге жаппай тұрғын үй салуға тиісті жер телімін бөлу жөнінде тапсырма берген болатын. Облыс орталығының "Қызылорда-Жезқазған" трассасы бойынан жалпы көлемі 980 га аумақтан 2016 жылы 3140 азаматтың өтініші қанағаттандырылып, жер берілді. Алдағы уақытта осы аумақтан 6600-ге жуық жер беру жоспарланып отыр", – дейді басқарма басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу