Қызылордада тұрғын үйдегі өрттен Өзбекстан азаматын күйік шалды

442

Өрт газды ауа қоспасының жылыстауынан орын алған.

Қызылордада тұрғын үйдегі өрттен Өзбекстан азаматын күйік шалды Фото: Қызылорда облысы ТЖД

Қызылорда қаласында тұрғын үйде болған өрттен өзбекстандық 39 жастағы азамат бірінші дәрежелі күйік алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оқиға 19 сәуірде Қызылорда қаласы Яншин көшесі бойындағы тұрғын үйде болған.

"Тұрғын үйдің 182 шаршы метр аумағы қирап, өрт 60 шаршы метр болатын уақытша құрылыс алаңына көшті. Оқиға орнында 1984 жылғы өзбекстандық азаматтың беті, қолы, мойны күйіп қалған. Ол бірінші дәрежелі күйік диагнозымен қалалық ауруханаға жеткізілді", деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Өрт сағат 12.09-де толық сөндірілді. Оттың шығу себебі анықталып жатыр.

Оқиға орнында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінен 25 қызметкер және 5 техника жұмыс атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу