Қызылордада түрмедегілер наразылық танытты

783

Жазасын өтеушілердің құқығы сақталмай отыр. Олар түрмеде тәртіп сақшыларының дөрекілік көрсететіне наразы.

Қызылордада түрмедегілер наразылық танытты

Қызылордадағы ЗК 169-да 5 қатаң режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеуші 4 адам өз ауыздарын тігіп тастады, деп хабарлайды Atameken TV.

Наразылардың айтуынша, олардың құқығы сақталмай отыр. Өйткені, түрмедегі жағдай нашар әрі тәртіп сақшылары сотталғандарға дөрекілік көрсетеді. Сондай-ақ абақтыға қамалғандардың туған-туыстарымен телефон арқылу сөйлесу мүмкіндігі де шектеледі екен. Бұл туралы бас бостандығынан айрылғандардың жақындары қоғамдық бақылау комиссиясына шағымданған.

Аталмыш фактіге байланысты қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Болған жағдайға байланысты түрмеге прокуратура, үкіметтік емес ұйым өкілдері келіп, сотталғандармен әңгімелесу жұмыстарын жүргізген. Бұдан кейін олар сымды еріндерінен өз еркімен алып тастады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу