Қызылордада үш адамды өлтірген күдіктілер ұсталды

879

Қызылордада адам өліміне қатысы бар алты күдікті ұсталып, төртеуіне іздеу жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Қызылордада үш адамды өлтірген күдіктілер ұсталды

7 мамырда Қызылорда қаласында үш азамат оқ тиіп қайтыс болған еді. Полицияның хабарлауынша, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, алты күдікті ұсталып, қамауға алынған. Ал төрт күдіктіге іздеу жарияланған.

"Оқиға болған жерді тексеру барысында және күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан бес қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрілер, есірткі және жеті автокөлік айғақ зат ретінде алынып, тиісті сараптамалары тағайындалды. Барлық қатысушының жеке басы анықталып, жәбірленуші тараптың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар негізінде сегіз қылмыстық іс, яғни адам өлтіру бойынша – 2, бұзақылық бойынша – 2, қарудың заңсыз айналымы бойынша 3 іс және есірткінің заңсыз айналымы бойынша бір іс тіркелген. Қазіргі таңда, қылмыстық істің мән-жайы жан-жақты, толық және объективті түрде тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде", – деп жазылған хабарламада.​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу