Қызылордада ұзату тойын өткізгендер айыппұл арқалады

717

Онлайн-режимде өткен сот шешімімен 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Қызылордада ұзату тойын өткізгендер айыппұл арқалады

Қызылорда облысында төтенше жағдайға қарамастан қызының ұзату тойын жасаған қызылордалық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция әлеуметтік желілер арқылы тарап кеткен тойдың видеосын тексеріп, оқиғаның қашан, қайда болғанын анықтады. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 27 наурыз күні сағат 17:30 шамасында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны қызының ұзату тойын жасағаны белгілі болды. Той иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Онлайн-режимде өткен сот шешімімен оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Шектеу енгізілгелі облыс аумағында төтенше жағдай режимін бұзып, осындай той жасаған 13 жеке тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу