Қызылордада үздік тауарлар көрмесі өтті

593

Бұл жолы 9 кәсіпорынның тауары үздік деп танылды.

Қызылордада үздік тауарлар көрмесі өтті Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Бүгін Қызылордада "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-байқауы өтті. Аталған көрмеде 60-тан астам тауар өндірушілер өз өнімдерін орналастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Үздік тауар иесін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы, Өңірлік кеңес мүшелері, байқау сарапшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Павильондарды аралап, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен танысты.

Байқаудың комиссия мүшелері  үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Бұл жолы 9 кәсіпорынның тауары үздік деп танылды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен телевизордың сертификаты табыс етілді. Бұған қоса, олар елорда төріндегі сапалы өнімдер сайысына қатысатын болады.  

"Бүгінгі ұйымдастырылып жатқан көрменің мақсаты - жергілікті өндірушілерді қолдау. Оларды тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыру. Отандық брендтерді ілгерілету және елдегі өндірісті дамыту. Айта кетейін, өткен жылы аталған байқаудың республикалық кезеңінде "Асыл Дән LTD" серіктестігі  "Ұлы Дала" бірыңғай брендін жеңіп алды. Биыл да аймақ кәсіпкерлері көшбасшылар қатарынан көрінетініне сенемін",-деді облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы.

Сондай-ақ биыл өңірде алғаш рет "Бір ауыл-бір өнім" жобасы  бастау алған болатын. Осы бағдарлама аясында 23 кәсіпкер өтінім беріп, бүгінгі көрмеде өнімдерін көпшілікке таныстырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу