Қала тұрғыны Болатбек Айтпенбетов өз сайлау учаскесінің аумағында сайлаушыларды жеткізу үшін тегін такси қызметін ұсынды.
Ол мұндай тарихи күнде әрбір тұрғынның науқаннан тыс қалмай ел болашағы үшін дауыс беру маңызды екенін атап өтіп, өз үлесін ерікті ретінде қосуды жөн көрді. Сайлаушылар да жанашыр азаматтың қадамына ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, Сыр өңірде 373 сайлау учаскесі және 482 934 сайлаушы бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу