Қызылордада заңсыз көші-қон арнасы анықталды

127

Күдіктілер шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат рәсімдеген.  

Қызылордада заңсыз көші-қон арнасы анықталды Фото: ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, заңсыз көші-қонды ұйымдастырған бір топ адамның әрекетінің жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленіп, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабының 1-бөлігі, 394-бабының 2-бөлігі және 366-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу барысы туралы басқа ақпарат жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу