Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

Олар 1 жылдан аса уақытта 27 миллион теңгеден аса табыс тапқан.

Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды Фото: canva.com

Ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырған қос азаматша 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана қаласының тұрғыны мен қызылордалық азаматша 2023 жылдың маусым айынан, 2024 жылдың тамыз айы аралығында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған.

Ойын бизнесін "Instagram" әлеуметтік желісіндегі "@make_madikow" парақшасы арқылы лицензиясыз жүзеге асырылып, нәтижесінде 27 473 328 теңге аса iрi мөлшерде табыс тауып келген.

– Сот үкімімен М.Талғатова мен Т.Бурикулова Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 307-бабының 3-бөлігінің 2) тармағының талабына сәйкес кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде сотталды, – деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу