Қызылордада жалған құжаттармен жұмысқа орналасқан 120 шетелдік анықталды

1067

Тексеру қорытындысы бойынша олардың барлығы республика аумағынан шығарылды.

Қызылордада жалған құжаттармен жұмысқа орналасқан 120 шетелдік анықталды

Қызылорда облыстық прокуратурасы өңірдегі компанияда жалған құжаттармен жұмысқа орналасқан 120 шетелдікті анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық прокуратура осы бағытта тексеру жүргізген болатын. Нәтижесінде еліміздің көші-қон заңын бұзған және жалған құжаттармен жұмысқа орналасқан шетел азаматтары анықталды.

"Жұмыс күшін тартуға заңсыз рұқсат алған компания 120 шетел азаматының жалған дипломмен жұмыс істеуіне жол берген. Тексеру қорытындысы бойынша олардың барлығы республика аумағынан шығарылды", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Ғабит Ұзақбай.

Оның хабарлауынша, түрлі мекемелердің жалақы берешегін азайту бағытында да нақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұдан бұрын түрлі мекемелерде жұмысшыларға 150 млн теңге қарыз қалыптасқан. Прокурорлардың араласуынан кейін мыңдаған азаматтың жалақысы өндірілді. Қазір берешек қарыз он есеге төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу