Қызылордада жаңа әуежайдың іргетасы қаланды

651

Жаңадан бой көтеретін нысанның аумағы 7,5 мың шаршы метрді құрайды.  

Қызылордада жаңа әуежайдың іргетасы қаланды Фото: gov.kz

Жоба халықаралық талаптарға сай жасалған, құны 31 млн АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл құрылыс өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізбек.

"Әуе көлігі қызметін халықаралық деңгейге жеткізуге, авиациялық қауіпсіздікті күшейтуге, жаңа әуе бағыттарының ашылуына мүмкіндік артады", - дейді мамандар.

Қазір "Қорқыт ата" әуежайынан жылына 1400 рейс орындалса, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 3000-ға жетеді деп күтіліп отыр. Тасымалданған жолаушы саны 260 мыңнан 500 мыңға дейін көбейеді. Ал жүк тасымалы 150-ден 300 тоннаға дейін артады деп межеленіп отыр.

Құрылыс  кезінде 600-ден астам адам жұмыспен қамтылады, аяқталғаннан кейін 64 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу