Қызылордада жаңа туған сәбиді әуе арқылы жедел эвакуациялады

146

Жаңа туылған сәбиді шұғыл ауруханаға жеткізу қажет болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылордада жаңа туған сәбиді әуе арқылы жедел эвакуациялады Фото: canva

Шұғыл жағдайда көмекке "Қазавиақұтқару" АҚ құтқарушылары келді. Әуе кемесінің экипажы Жаңақорған ауылынан Қызылорда қаласына жаңа туылған сәбиді эвакуациялауды жедел орындады.

"Медициналық бригаданың, ұшқыштар – Ақжолтай Жасұлан мен Асанов Қалдыбектің, бортмеханик  Қожамжаров Сәбиттің, инженерлер Баякенов Мақсат пен Степичев Павелдің үйлесімді жұмысының арқасында жаңа туылған сәби қауіпсіз және жылдам медициналық мекемеге жеткізілді, онда оған қажетті көмек көрсетілуде", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу