Қызылордада жасөспірім қос жалпақ сызықты басып, жолдың қарама-қарсы бағытына шыққан

514

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Қызылордада жасөспірім қос жалпақ сызықты басып, жолдың қарама-қарсы бағытына шыққан Фото: polisia.kz

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының қызметкерлері қаладағы бейнекамералармен жұмыс атқару барысында женіл автокөліктің орталық көшелердің бойында қос жалпақ сызықты басып, жолдың қарама-қарсы бағытына шыққанын, сондай-ақ бағдаршамның қызыл түсіне өткенін байқайды.

Дереу бағыт-бағдар беріліп, автокөлік патрульдік полиция бекетімен тоқтатылды. Тексеру барысында аталған автокөліктің жүргізушісі кәмелеттік жасқа толмаған облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Осыған сәйкес құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту) және 596 бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, автокөлік айып алаңына қойылды.

Жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) хаттама толтырылып, құжаттар қалалық мамандандырылған ювеналдық сотқа жолданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу