Қызылордада жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінген бұрынғы бапкер спорт саласында жұмыс істемейді

407

​Қызылордада жасөспірімге қатысты зорлық жасады деген күдікпен ұсталған ер адамның қазіргі уақытта спорт саласында жұмыс істемейтіні белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қызылордада жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінген бұрынғы бапкер спорт саласында жұмыс істемейді Фото: reposta.kz

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жасөспірімнің бапкер тарапынан қысым көріп, заңсыз әрекеттерге тап болғаны туралы ақпарат тараған еді. Осыған байланысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы түсініктеме берді.

Басқарманың мәліметінше, күдікке ілінген азамат 2024 жылы басқармаға қарасты спорт мекемесінде көгалдағы хоккей жаттықтырушысы қызметінен босатылған.

"Қазіргі уақытта аталған азамат спорт саласына қарасты мекемелерде қызмет атқармайды", – делінген хабарламада.

Ведомство тергеу барысы мен оның нәтижесіне қатысты ақпаратты құқық қорғау органдары жариялайтынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу