"Kyzylorda Business Hub" деп аталатын байқау 16-29 жас аралығында бизнес жасауға мүдделі жас кәсіпкерлердің идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.
Жоба авторы Жандос Оразмаханов байқау арқылы жастардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, беделді кәсіпкерлерден сабақ алу және бірлесе жұмыс жасау, ақшалай сыйақылар және инвесторлық көмек көрсетілетінін айтады.
Байқау 3 кезеңнен тұрады. Алғашқы айналым Start Up-Weekend-те қатысушылар арасынан іріктеу жүреді. Екінші кезеңде Camp-work жартылай финалға іріктелген 80 қатысушымен бизнес лагерь ұйымдастырылады. Финалда үздік 20 жоба анықталып, инвесторлық қолдау көрсетіледі.
Айта кетейік, жоба жеңімпаздарына І орынға – 500 мың, ІІ орынға – 250 мың теңге, ІІІ орынға 150 мың теңге табысталады.
Байқауға қатысу үшін www.kyzylordahub.kz сайтына кіріп, өтінім жолдау керек.