Қызылордада жеке үйден ақша ұрлағандар ұсталды

488

Қызылордада жеке үйден 40 000 евро ұрлаған екі ұры құрықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қызылордада жеке үйден ақша ұрлағандар ұсталды Фото: polisia.kz

"Полиция басқармасының 102 арнасына 54 жастағы қала тұрғыны арызданған. Белгісіз біреулер үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, терезесін ашып кіріп, жатын бөлмедегі кереует астынан 40 000 евроны, Samsung Galaху Tab S7 және Samsung S9 ұялы телефондарын алып кеткен. Іздеу шаралары нәтижесінде 29 және 30 жастағы екі күдікті ұсталды", – дейді Қызылорда қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ғалымжан Өмірзақов.

Аталған дерек бойынша ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігімен (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу