Қызылордада ұрылар малды сойып жатқан жерінен қолға түсті

282

Күдіктілер бірден қамауға алынды.  

Қызылордада ұрылар малды сойып жатқан жерінен қолға түсті Фото: polisia.kz

25 желтоқсанда Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында облыстық прокуратураның үйлестіруімен 24 және 22 жастағы екі аудан тұрғынын ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Күдіктілер аудан аумағындағы далалық жерде ұрланған малды сойып жатқан жерінен қолға түскен.

Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімінде мал ұрлығы фактісімен қылмыстық іс тіркелді.

Айғақты заттар тәркіленіп, іс материалдарына қоса тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктілердің мал ұрлығы бойынша басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу