"Полиция қызметкерлері мен туыстары іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, олар Алматы қаласынан табылды. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімдерді Қызылордаға жеткізіп ата-анасына табыстау үшін Алматы қаласына іссапарға жіберілді", – деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, облыс орталығында тұратын екі жасөспірім қыз 1 маусымда қалалық демалыс орнына қыдырып кеткен. Содан үйлеріне қайта оралмаған. Оларға іздеу жарияланған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу