Қызылордада жоғалып кеткен 6 жастағы қыз бала аман-есен табылды

178

Бүлдіршін ойнап жүріп, үйінен алыстап кеткен.

Қызылордада жоғалып кеткен 6 жастағы қыз бала аман-есен табылды Фото: gov.kz

Қызылорда қаласында полиция қызметкерлері жоғалып кеткен 6 жастағы қыз баланы іздеп тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кешкі уақытта полицияға баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Заңғар Нұрадинов пен ювеналды полиция инспекторы Дамир Ахметулла дереу іздестіру жұмыстарына кірісті.

Полицейлер аулаларды аралап, дыбыс күшейткіш арқылы баланың аты-жөнін атап, тұрғындардан көмек сұрады.

Анықталғандай, бүлдіршін ойнап жүріп, үйінен алыстап кеткен. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қыз бала аман-есен табылып, анасына тапсырылды.

Баласының табылғанына қуанған анасы полиция қызметкерлеріне жедел әрекеті мен көмегі үшін алғысын білдірді.

Полиция ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмай, қауіпсіздігіне мұқият болуды ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу