Қызылордада жолаушылар автобусы аялдамада тұрған адамды қағып кетті

709

Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді.

Қызылордада жолаушылар автобусы аялдамада тұрған адамды қағып кетті

Оқыс оқиғадан жарақат алған адам медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға Қызылорда қаласындағы Тоқтыбаев көшесінің бойындағы аялдамада болған. Сол жерде қоғамдық көлік екінші автобусқа соғылып барып, аялдамада тұрған әйел адамды да қағып кеткен.

"Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді", – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шәмшидин Әмитов.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу