Қызылордада жұмыс орнында қаза тапқан адамдар көбейді

245

Мамырдың соңғы онкүндігінің ішінде өңірде 2 жұмысшы тоққа түсіп, қайтыс болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қызылордада жұмыс орнында қаза тапқан адамдар көбейді Фото: pixabay.com

Әуелгі оқиға 21 мамырда Шиелі ауданында болған. Сол күні сағат 13.30 шамасында "Жабдықтау" ЖШС-нің жалдамалы жұмысшысы, 1996 жылы туған Наурыз Бақыт Шиелі кентіндегі "Болашақ" дәрігерлік амбулаториясында күрделі жөндеу жұмысын жүргізу барысында тоққа түсіп, көз жұмған.

Көп ұзамай 25 мамырда Қызылорда жылу электр орталығының жұмысшысы да кернеу салдарынан мерт болғаны мәлім болды.

"Қызылорда қалалық полиция басқармасы абайсызда кісі өліміне әкеп соғу, еңбек қағидаларын бұзу дерегі бойынша тергеп-тексеруді бастады. Облыстық еңбек инспекциясына тиісті ұсыныс жолданды. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалы қатаң бақылауға алынды", – делінген хабарламада.

Жалпы, Қазақстанда жұмыс орнында қаза табатын адамдар саны азамай отыр. 2024 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1 408 жұмысшы зардап шегіп, оның 202-сі қайтыс болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу