Қызылордада жүз отбасы баспаналы болды

1124

Бүгін қаланың "Бәйтерек" шағын ауданында аз қамтылған көпбалалы жүз отбасына аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев пәтер кілтін табыс етті.

Қызылордада жүз отбасы баспаналы болды

Бүгінгі таңда облыс бойынша 2246 отбасы тұрғын үйге мұқтаж. Осыған орай, аймақ басшысының бастамасымен "Баламекен" жобасы аясында Болат Өтемұратовтың жеке қорымен бірлесе отырып  аса мұқтаж 150 отбасыға баспана салып беру ісі қолға алынған болатын. Екі айда рекордтық мерзімде аяқталған үйді бөлу мәселесін халық қалаулылары мен белсенді азаматтардан құрылған тәуелсіз комиссия шешті. Комиссия бірінші кезекте он балалы отбасылардан бастап, жеті балалы жанұялардың жайын сараптаудан өткізді.

"Тағы да қосымша елу пәтерге қаржы бөлініп,тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Оны маусым айында пайдалануға береміз",– деді баспанаға мұқтаж жандарға кілт тапсыру салтанаты кезінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.

Айта кету керек, 2017 жылы өңір басшысының бастамасымен көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының тұрғын үйге мұқтаждығын шешу мақсатында "Орда" аймақтық жол картасы қабылданған болатын. Жол картасы аясында жыл аяғына дейін сол жағалауда 2628 пәтерлік 53 көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілетін болса, оның 588-і аз қамтылған көпбалалы отбасыларға тиесілі.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу