Қызылордадағы аяқсыз қалған зауыт құрылысын қытайлық компания аяқтайды

1052

Қызылордадағы аяқсыз қалған зауыт құрылысын қытайлық компания аяқтайды

"Orda Glass" ЖШС мен қытайлық China Triumph International компаниясы арасында Қызылордадағы шыны зауытының құрылысын аяқтау туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Informбюро хабарлады.

Жарты жыл бұрын Қызылордадағы шыны зауытына қатысты дау шығып, "Бәйтерек" холдингінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев тұтқындалған болатын. Сол кезде Ұлттық экономика министрі қызметін атқарып жүрген оған құрылыс кезінде бір миллиард қаржыны қолды қылды деген айып тағылған еді.  

Шыны зауытына қатысты мәселеге сол тұста Инвестиция және даму вице-министрі болған Альберт Рау да түсінік беріп, көп қаржы жұмсалған бұл жобаның аяқсыз қалмайтынын айтқан болатын.

Осы жобаны аяғын жеткізу үшін  Пекинде аталмыш компания мен Қазақстаннан "Бәйтерек" мемлекеттік холдингінің арасында келісімге қол қойылды.

China Triumph International Қытайдағы ұлтық жобалау мен зерттеу, инженерлік жобаларды басқару саласындағы үздіктердің қатарындағы компанияның саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу