Қызылордадағы газ жарылысынан зардап шеккен екі бала санавиациямен Алматыға жеткізілді

235

Жағдай тікелей Денсаулық сақтау министрінің бақылауында

Қызылордадағы газ жарылысынан зардап шеккен екі бала санавиациямен Алматыға жеткізілді Фото: gov.kz

Қызылордада газ жарылысынан зардап шеккен 4 баланың екеуі санавиациямен Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жасөспірімдердің жағдайы әлі ауыр. Денелерін 75 пайызға дейін күйік шалған. Ауыр хәлдегі жасөспірімдерге енді Алматы қаласындағы балалар және шұғыл медициналық көмек орталығының білікті дәрігерлері ем-дом шараларын жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағын ауданындағы жеке тұрғын үйде табиғи газдың шығуы салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы болды. 4 жасөспірім зардап шеккен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу