Қызылордадағы мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

522

Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте резервуарлардан жалын шыққанын байқаған.    

Қызылордадағы мұнай өңдеу зауытында өрт шықты Фото: Видеодан скриншот

Қызылордада төтенше жағдайлар қызметкерлері мұнай өңдеу зауытындағы ауқымды өртті ауыздықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты облыстық ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.

Қызылорда қаласындағы Шоқай көшесінде орналасқан шағын тоннажды мұнай өңдеу зауыттарының бірінің аумағында сыйымдылығы 60 тоннадан болатын екі резервуар өртенді. Оларда жалпы 120 тонна мұнай өнімі болған.

Өрттің көршілес жатқан 3 резервуарға таралу қаупі туындады.

Өртті сөндіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да қызметтердің күштері мен құралдары тартылды.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Көршілес резервуарларды қорғау мақсатында тасымалданатын лафетті оқпандар қойылып, көбікпен өрт сөндіру тәсілі жүзеге асырылды. Бұған қосымша өрт сөндіру пойызы да жұмылдырылды. 

Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың таралуына жол берілмей, көршілес үш резервуар сақталып қалды. Өрт 200 шаршы метр аумақта толықтай жойылды.

Қазір қызыл жалынның шығу себебі анықталып жатыр. Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін өрт-сынақ зертханасы тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу