Қызылордадағы рейд барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзған 19 дерек анықталды

608

Өңірде "Браконьер" жедел-профилактикалық шарасы барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзған 19 дерек анықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басқарма басшысы Бауыржан Ибраев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Қызылордадағы рейд барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзған 19 дерек анықталды Фото: Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі

"20 қазан мен 19 қараша аралығында облыс көлемінде "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Шараның мақсаты - табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларды, биологиялық-ресурстық объектілер мен заңсыз айналымды анықтау және олардың жолын кесуге бағытталған. Жүргізілген рейд барысында полицейлер 3 күнде табиғат қорғау заңнамасын бұзған жалпы 19 деректі анықтады. Оның ішінде, жануарлар дүниесін пайдалану және аң аулау қағидатын бұзған 10 дерек әшкере болды. Балық аулау және басқа да су жануарларын қорғау қағидатын бұзудың 5 дерегі тіркелді", - деп мәлім етті Бауыржан Ибраев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу