Қызылордадағы ойын-сауық орталығында жарылыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Осы уақытта Қызылорда қаласындағы ойын-сауық орталықтарының бірінде жарылыс болды. Салдарынан орталық жанындағы ағаш пен 50 шаршы метр болатын бастырма (навес) құлаған. Сондай-ақ Жеңіс көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің терезелері сынған", – деп жазылған хабарламада.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына таңғы сағат 7.24-те жеткен.
"Өрт газдың жарылуынан болған. Өрттің аумағы – 200 шаршы метр, балаларға арналған ойын-сауық орталығының 1-қабаты өртенген. Өрт таңғы сағат 8.15-те толық сөндірілді", – деп жазылған хабарламада.
Оқыс оқиғадан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Қызылорда облысы ТЖ департаменті (48 қызметкері және 12 техника), полиция департаменті (8 қызметкері және 3 техника), медициналық жедел-жәрдем бригадасы (9 қызметкер және 3 техника), "ҚазТрансГазАймақ" АҚ (2 қызметкері және 1 техника), "КРЭК" АҚ (2 қызметкер, 1 техника) қызметкерлері
жұмылдырылған.