Қызылорда маңында АН-2 ұшағының құлауына байланысты комиссия құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Бұл факті бойынша (ұшақтың құлауы – inbusiness.kz) комиссия құрылды. Тергеуді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды және оқыс оқиғаларды тергеу басқармасы жүргізеді", – деп жазылған Азаматтық авиация комитеті таратқан хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Қызылорда маңында АН-2 ұшағы құлаған еді. Бортта 2 адам болған.
 
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        