Қызылордадағы ЖЭО жөндеу жұмыстарына 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

131

Үкімет Қызылорда қаласындағы Оңтүстік қазандығының үш бу қазандығын реконструкциялау жобасын жүзеге асыруға 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.  

Қызылордадағы ЖЭО жөндеу жұмыстарына 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді Фото: primeminister.kz

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, қаражат Қызылорда қаласы тұрғындарын орталықтандырылған жылумен жабдықтауды 3 көзден: негізгі ЖЭО, Оңтүстік және автономды қазандықтар арқылы қамтамасыз ететін жалғыз кәсіпорын "Қызылорда жылу электр орталығы" МКК-ға бағытталады.

"Қазіргі таңда Оңтүстік қазандықтың негізгі жабдықтары апатты жағдайда және резервтік қуатсыз жұмыс істеп тұр. Оларды реконструкциялау жобасын жүзеге асыру 2024 жылы басталған, Үкімет резервінен 2,04 млрд теңге, облыстық бюджеттен 655 млн теңге бөлінген болатын. Аталған кезеңде суды химиялық тазарту қондырғыларын ауыстыру, ескі қазандықтарды бөлшектеу, сондай-ақ жаңа жабдықтар жасау үшін зауытқа өтінімдер беру бойынша жұмыстар орындалды", – делінген Үкімет таратқан ақпаратта. 

Жобаның аяқталуы алдағы жылыту маусымына дайындалуға және қаланың оңтүстік бөлігі тұрғындарын: 197 көппәтерлі тұрғын үй кешенін, 73 әлеуметтік және 69 шаруашылық нысанды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

"Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында өңірде жылу желілерін жөндеу бойынша 4 жобаны іске асыру көзделіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу