Қызылордадан 700-ге жуық жігіт әскерге шақырылады

947

Бүгіннен бастап көктемгі мерзімді әскерге шақыру басталды.

Қызылордадан 700-ге жуық жігіт әскерге шақырылады Фото: inbusiness.kz

Сыр өңірінен көктемде Отан алдындағы борышын өтеуге 700-ге азамат әскерге барады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл шақырудың бұрынғы шақырулардан ерекшелігі азаматтарға 1414 сервис қызметі арқылы SMS-хабарламалар жолданады. Әскерге 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар жіберіледі. Жас сарбаздар әскери борышын ҚР ҰҚК Шекара қызметінде, ҚР Қарулы Күштері қатарында, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы мен ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты бөлімдері және Мелекеттік Күзет қызметтерінде өтейтін болады.

"Барлық аудандық, қалалық шақыру және облыстық жиын пункті көктемгі мерзімді әскери шақыруға толық дайын. Медициналық комиссиялар тиісті білікті дәрігер мамандармен және медициналық құралдармен толық қамтылған. Алғашқы команданы 6 наурызда Алматы қаласындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметіне 19 азаматты жіберетін боламыз", – деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Әлиев.

Әскерге шақырылушылардан міндетті түрде әскери бөлімдерде, арнайы пункттерде ПТР-талдамасы алынады. Ал, шақырылушыларға екпе жүргізу келген әскери бөлімде, яғни, қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылатын болады.

Айта кетейік, көктемгі әскерге шақыру науқаны ағымдағы жылдың бірінші шілдесіне дейін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жалғасады. Әскери бөлімдерге елімізді қорғауға қабілетті, денсаулығы мықты, дене бітімі шыныққан, сауаты жеткілікті, моральдік-іскерлік қабілеті жоғары азаматтар аттанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу