Түркістан облысы, Арыс қаласының әскери бөлімінде орын алған төтенше оқиғаға байланысты Қызылорда облысы тарапынан арнайы автокеруен жасақталып, 14,5 тонна – күріш, 10 тонна – ұн, 5 тонна – қарақұмық, 1,5 тонна сүт жіберілді.
Облыстың ішкі саясат басқармасы жергілікті атқарушы органдардағы 2083 мемлекеттік қызметшінің 1 күндік жалақыларын аударуға дайын екенін жеткізді.
Бұдан бөлек, зардап шеккендерге азаматтық қоғам институт өкілдері, кәсіпкерлер және жеке азаматтар да өз еріктерімен қолдау көрсетуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу