Қызылордадан Өзбекстанға Қызылқұм арқылы төте жол түсуі мүмкін

4928

Науаи облысына қарасты Үшқұдық ауданы Қызылорда облысының Сырдария, Жалағаш аудандарымен шектесіп жатыр.

Қызылордадан Өзбекстанға Қызылқұм арқылы төте жол түсуі мүмкін

Алдағы уақытта Қызылорда облысы мен Өзбекстанның Науаи облысы арасында төте жол салынуы ықтимал. Бұл туралы Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Тілеуімбетов айтты.

"Жалағаш ауданы Аққыр ауылы арқылы Өзбекстанның Үшқұдығынан бермен қарай жол салу ойда бар. Бәрін қаржы шешеді. Біз ұсыныс жасап отырмыз. Республикалық деңгейде шешіледі. Бұл жоба туризмге де, кәсіпкерлікке де мүмкіндік береді", – дейді сала басшысының орынбасары.

Науаи облысына қарасты Үшқұдық ауданы Қызылорда облысының Сырдария, Жалағаш аудандарымен шектесіп жатыр. Екі араны тек Қызылқұм шөлі ғана бөліп тұр.

Көлік қатынасы тіке жолмен жүзеге асырылса, жол бойында сервистер құрылып, ауылшаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге қолайлы болмақ.

Нұрбек Дәуренбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу