Қызылордадан Түркияға тікелей әуе рейсі ашылмақ

482

Қызылорда тұрғындары Түркияға тікелей қатынай алмайтын. Жолаушылар Астана, Алматы қалалары арқылы ұшуға мәжбүр еді. 

Қызылордадан Түркияға тікелей әуе рейсі ашылмақ

Қызылордадан Түркияның Анталия қаласына халықаралық әуе рейсі ашылмақ. Чартерлік рейс биылғы маусым айынан бастап жүргізіледі, деп ҚазАқпарат.

Қызылорда облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, бұл қызметті "B&K Aero" авиакомпаниясы Boeing 737 әуе кемесі арқылы атқаратын болады. Ол аптасына бір мәрте қатынайды. Әуе көлігі екі аралықта 4 сағат 40 минуттай ұшады.

Бұдан бұрын Қызылорда тұрғындары Түркияға тікелей қатынай алмайтын. Жолаушылар Астана, Алматы қалалары арқылы ұшуға мәжбүр еді.

Кейінгі жылдары Қызылордадан бірқатар халықаралық әуе рейстері ашылда бастады. 2018 жылдың шілде айында Қызылордадан Ресей астанасы - Мәскеуге қатынайтын халықаралық рейс өз жұмысын бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу